Жұма, 26 сәуiр, 14:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда балағат сөз айтқаны үшін салынатын айыппұл мөлшері өсті

06.03.2023

607 0

Бүгіннен бастап Қазақстанда қоғамдық орындарда балағат сөз айтқаны үшін салынатын айыппұлдың мөлшері 4 есе артты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

6 наурызда Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілген балағат сөз үшін жазаны қатаңдатуды көздейтін түзетулер күшіне енді.

Жаңа редакцияда қоғамдық орындарда дөрекі сөздер айту, жеке тұлғаларды балағаттау және жәбірлеу, ғимараттарды, құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, қоғамдық орындарды, көліктегі және қоғамдық орындардағы мүлікті қорлау сынды осыған ұқсас әрекеттер жасалатын болса, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын ұсақ бұзақылық деп саналады.

Бұған дейін айыппұл мөлшері 17 250 теңге болса, бүгіннен бастап қоғамдық орындардағы балағат сөз үшін 69 000 теңге айыппұл төленеді. 

Сонымен қатар әлеуметтік желідегі былапыт сөздер үшін де жауапкершілік бар. Онда айтылған балағат сөз қоғамдық орындарда немесе айналасындағыларға сыйламаушылық танытып, азаматтардың тыныштығын бұзса, ол үшін жауапкершілік ұсақ бұзақылық бабымен қарастырылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: