Бейсенбі, 02 мамыр, 20:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

ҚАЖ мекемесінде жедел кеңес өтті

19.04.2024

247 0


Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД- ға қарасты № 37 мекемесінде 2024 жылдың 3 айында мекемедегі атқарылған жұмыстарды қорытындылау мақсатында Қызылорда облысының ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыровтың төрағалық етуімен жедел кеңес отырысы өтті.

Жедел кеңеске мекеме басшылығы, бөлім бастықтары, жеке құрам және ерікті жалдамалы қызметкерлер қатысты.

Жиынды департамент бастығының орынбасары ашып беріп, күн тәртібімен таныстырды.

Күн тәртібі бойынша мекеме бастығының жалпы сұрақтар бойынша орынбасары әділет майоры Битаев Абай Есенгелдіұлы мекеменің жедел -қызметтік жұмысының үш айда атқарылған жұмыстарың баяндады.

Баяндаманы тыңдаған әділет подполковнигі Жүніс Өтегенұлы мекеменің қауырт жұмысы барысындағы жіберілген кемшіліктерге тоқталып, сол сияқты күн тәртібінен түспейтін басты мәселе жеке құрам арасындағы тәрбиелілік жұмыстарға және жеке құрамның арнайы контигентпен қарым- қатынас орнатуда заң талаптарына сай болуы жағына аса көңіл бөлу керектігін баса айтты.
Сонымен қоса жас қызметкерлерге антына адал болып, қызметтеріне жауапкершілікпен қарап жұмыс жасауға шақырды.
Жедел кеңесті қорытындылаған әділет подполковнигі Жүніс Өтегенұлы
сотталғандарды жұмыспен қамту бойынша жеке кәсіпкерлермен кездесулер өткізу, сотталғандардың пайдалануы мен қолданылуына тыйым салынған заттардың жолын кесу бойынша жұмысты жандандыруды және олармен тәрбиелік жұмыстарды жиі жүргізуді және жеке құрам қызметкерлеріне қызметтерінде қырағы болып, заң талаптарына сәйкес қызмет атқаруды тапсырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: