Бейсенбі, 09 мамыр, 23:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

ҚАЖ қызметкерлері мекеме ауласына ағаш көшеттерін отырғызды

19.03.2024

200 0


Биылдан бастап Наурыз мерекесі жаңа форматта тойланып, жыл сайын 14 – 23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігі өткізіледі.
Аталған 10 күндіктің ішінде 19 наурыз – Жаңару күні.
«Жаңару» күні барша азаматтарды ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға үндейді. «Жаңару»күніне орай Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 37 мекемесі қызметкерлері ағаш отырғызу шарасын ұйымдастырды.
«Бір тал кессең, он тал ек» деген дана бабаларымыздан қалған қағиданы берік ұстанған ұжым бір кісідей жұмылып, қолдарына күрек алып, мекеме ауласына
ағаш көшеттерін отырғызды.
«Ағаш егу- ежелден келе жатқан игі амалдардың бірі.Халқымызда кез-келген жан артына бір тал ағаш отырғызып кетуі қажет деген жақсы бір тәмсіл бар. Міне,осы айтылғандай, әрбір азамат ағаш отырғызса,айналамыз көгалға айналары сөзсіз. Мекеме қызметкерлері отырғызған ағаштар мекеменің көркіне айналады»-деді кадр саясаты тобының аға инспекторы әділет капитаны Дінмұхаммед Оспанов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: