Бейсенбі, 02 мамыр, 04:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

ҚАЖ қызметкерлері «Рухани Жаңғыру» орталығына барды

05.04.2024

308 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №37 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері ҚАЖ саласындағы қиын, ауыр жағдайларды ескере отырып, тәрбиелік жұмыстарды жандандыру және олардың бойындағы ұлттық құндылықтарды сіңіру мақсатында Сырдарияның сол жағалауында орналасқан «Рухани Жаңғыру» орталығының Қызылорда қаласы бойынша тарихи мұражайына экскурсия жасалды. Өткені мен бүгінінен сыр шертетін орталықтың мұражайында 500-ден астам экспонаттар қойылған. Жеке құрам қызметкерлері Қызылорда қаласының тарихы мен Алаш партиясының құрылуы, Қызылорда қаласының Астана болған 1925-1929 ж.а әлеуметтік-экономикалық, тәуелсіздік жылдары атты үш залды аралап, мұражай қызметкерлерінен Қызылорда қаласы туралы толық мағлұмат алды. Еліміздің «Болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» атты жастарымызға рухани азық болатын маңызы терең, ауқымы зор, өнегесі мол, айтулы дүние. Қаламыздың өткені мен бүгінінен сыр шертетін мәдени-тарихи мұраларымен танысқан мекеме қызметкерлері Мұражай мамандарына ризашылықтарын білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: