Дүйсенбі, 15 сәуiр, 17:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29 (2039)
13.04.2024
PDF мұрағаты

ҚАЖД мекемесінде өткен жылда атқарылған жұмыстар қорытындыланды

26.01.2024

194 0

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінде 2023 жылда арқарылған жұмыс нәтижесіне қорытынды жасалды. Жиынды департамент бастығы, әділет полковнигі Шаймерден Тәжіқұлұлы ашып, мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алтынбек Тұрарбекұлы жедел-қызмет жұмысының жыл қорытындысын баяндады.
Жедел кеңеске №60 мекеме бастығы әділет подполковнигі Мақсұт Өтегенұлы, 5547 әскери бөлімінің штаб бастығы-бөлім командирінің орынбасары А.С.Асқарбеков, «Еңбек-Қызылорда» филиалының директоры С.Кенжебеков, 5-ші басқарманың жедел уәкілі Р.Болғынбаев, №9 Кәсіптік колледж директоры А.Ертелеуов, №6 Кәсіптік колледж директоры А.Досмаханова, №7 Кәсіптік колледж директоры Б.Кенбаев пен жеке құрам қызметкерлері қатысты.
Жедел кеңес барысында департамент бастығы әділет полковнигі Шаймерден Тәжіқұлұлы 2023 жылда әр бөлімнің атқарған нәтижелі істері мен кем-кетік тұстарына тоқталып өтті. Сонымен қатар, сапалы жұмыс нәтижесін көрсетіп, Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, лудомания, есірткі затын қолданбау, үздіксіз бейнебақылау жұмыстарына, қызметкерлердің бейнетіркегіштерді міндетті пайдалануына және сотталғандардың электрондық өтініштерін беру үшін терминалдардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге аса мән беру керектігі туралы айтып өтті.
Жедел кеңесті қорытындылаған департамент бастығы мекемеде ауқымды жұмыстар жүргізілгеніне тоқталып, жұмыс барысында ешбір кемшіліктің орын алмау керектігі жөнінде ескерту берді.


Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: