Жұма, 24 сәуiр, 10:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29 (2241)
21.04.2026
PDF мұрағаты

Қоршаған ортаға қамқор қадам

18.04.2026

24 0

Фото: ҚАЖ департаменті

Тұмса табиғатты тұншықтырмай, оның реңін бұзбаған ләзім. Адамзатқа аманат болған жер-ананы көркейту – өркениетті қоғамның талабы. Мұны жете түсінген ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесі “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында мекеме аумағына сенбілік ұйымдастырды.

Тазалық жұмысы барысында мекеме қызметкерлері айналаны қоқыстан тазартып, сыртқы аумақты сыпырып, шөптерді орып, ортақ іске білек сыбана кірісті. Аумақты жасыл-желекке бөлеу мақсатында ағаш та отырғызылды. Мұның бәрі қызметкерлердің құлшыныспен және бірлесе әрекет етуімен жүзеге асты.

– Қоршаған ортаның тазалығы мекеменің де, қоғамның да мәдени деңгейін көрсетеді. Сондықтан аумақты күтіп ұстау, оны үнемі ретке келтіру – ортақ жауапкершілік. Бүгінгі сенбілік аясында қызметкерлер белсенділік танытып, мекеме аумағын тазалау мен абаттандыру жұмыстарына жұмыла қатысты. Атқарылған іс – ұжым ішіндегі ынтымақты да күшейтетіні сөзсіз, – дейді мекеме бастығының жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Айбол Махашев.

Ұжым алдағы уақытта да пайдалы істерге атсалысуды жалғастыра бермек.

З

З.Қонысжан,
№68 мекемесінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: