Сенбі, 27 сәуiр, 23:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

ҚР ТЖМ бассейнде суға батқан баланы құтқарып қалған ҚАЖД бастығын марапаттады

20.03.2024

285 0

ҚР ТЖМ бассейнде суға батқан баланы құтқарып қалған Қызылорда облысы ҚАЖД бастығы Шаймерден Есенкелдиевті марапаттады Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Шаймерден Есенкелдиев бассейнге батқан жасөспірімді аман алып қалғаны үшін ҚР төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен “Суға батқандарды құтқарғаны үшін” медалімен марапатталды. Төсбелгіні Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Руслан Қайрақбаев табыстады.

– Сізге адамды құтқару кезінде көрсеткен ерлігіңіз бен батылдығыңыз үшін алғыс білдіреміз. Сіз құрметке лайық іс жасадыңыз. Сол үшін сізге алғыс білдіреміз. Отбасыңызға амандық, қызметіңізге табыс тілейміз, – деді Руслан Қайрақбаев.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін облыстық ҚАЖД бастығының ерлігі туралы ақпарат POLISIA.KZ telegram-каналында жарияланды. Отбасымен бассейнге барған Шаймерден Есенкелдиев бассейннен қимылсыз жатқан жасөспірім баланы алып шығып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: