Сенбі, 11 мамыр, 17:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
37-2047
11.05.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысы жолдарында малды қағып кетудің 5 оқиғасы болды

23.08.2022

741 0

Биыл Қызылорда облысының жолдарында малды қағып кетудің 5 оқиғасы тіркелді.

Салдарынан 2 адам қаза болып, 11 адам әртүрлі дене жарақатын алған.

«Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзудың 1312 дерегі анықталды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабына сәйкес айыппұл салынды. Онда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу жағдайы көрсетілген», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.

Облыстық Полиция департаменті жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жергілікті органдар белгілеген ауылшаруашылық жануарларын жаю қағидасын қатаң сақтауға шақырады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында сиырға соғылған көлікте бір адам көз жұмып, төрт адам жарақаттанғанын жазған болатынбыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: