Дүйсенбі, 20 мамыр, 18:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында 25 млн теңге жымқырған шенеуніктер сотталды

11.10.2022

425 0

ҚазАқпарат – Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы орындалмаған жұмысқа құжат жасап, субисдия алмақ болған.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Қаржылық мониторинг агентігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті ірі көлемде инвестициялық субсидия қаражатын талан-таражға салып, әрі қарай жымқыру дерегі бойынша тексеру жүргізіп, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты.

Мемлекеттік қызметшілер бірнеше шаруа қожалықтарында ешқандай жұмыс атқарылмай, жабдықтар қойылмай, жұмыстың толық орындалғаны туралы жалған құжат әзірлеген және ақпаратты «Qoldau.kz» жүйесіне енгізіп, субсидия беру туралы өтінімге электронды қол қойған.

Өз кезегінде кәсіпкер тұлғалар келісім-шарт сомасының 10% көлемінде сыйақы үшін жалған құжат әзірлеп, 25 млн теңге қаржы жымқырған.

Сот шешімімен Облыстық ауылшаруашылық басқармасының бөлім басшысы мен бас маманы кінәлі деп танылып, мемлекеттік ұйымдарда материалдық немесе қаржы аударымына негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы жүктелетін лауазымдарды атқару құқығынан 3 жылға айыра отырып, 2 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығын шектеу жазасын алды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: