Бейсенбі, 09 мамыр, 21:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында ірі мөлшерде есірткі еккен төрт тұрғынның ұсталған сәті видеоға түсіп қалды

13.06.2023

340 0

     «Қарасора - 2023» жедел - профилактикалық іс-шарасы аясында Қызылорда облысы Қазалы ауданында прокуратура, аудандық әкімдік және  полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген жұмыстар нәтижесінде  1086  (бір мың сексен алты) түп сора өсімдігін еккен қала тұрғындары  ұсталды. 
28-50 жастағы  жұмыссыз төрт қала тұрғыны Қызылорда облысы, Қазалы ауданына қарасты Қызылқұм ауылының 265 шақырым жердегі  шеңгел мен сексеуіл арасында  сора өсімдігін   өсірген.  Айта кетерлік жайт,  арнайы баптап өсірілген сораның ұзындығы   20 см -  ге жеткен. 
  Полицейлер оқиға орнынан ірі есірткі алқабынан бөлек арнайы кептірілген марихуана, күдіктілердің жеке заттарын, сексеуіл бұталарынан жасалған екі қос, азық - түлік, сора өсіруге арналған арнайы жабдықтар:  20 метрлік  шланга, күрек, кетпен, тырма, газ баллонын тәркіледі. Есірткі алқаптан бөлек алынған арнайы  «кептірілген марихуана»  723 гр. көлемінде болып шықты.
    Күдіктілер Қазалы аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына  қамаққа алынды.   

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 300 – бабының 2 – бөлігімен (Ірі мөлшерде құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: