Бейсенбі, 25 сәуiр, 20:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада алаяқ емші жауапқа тартылды

21.11.2021

847 0

21 жастағы бойжеткен дәстүрлі емес жолмен емдеймін деп тұрғынның сеніміне кірген. Ол көрсеткен қызметі үшін қомақты сыйақы алған.

Қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 23 жастағы қала тұрғыны алаяқ емшінің құрбаны болғанын айтып арызданған.

Ағымдағы жылдың қыркүйек – қазан айларында белгісіз азаматша, оны әңгімеге тартқан. Артынша, өзін емші ретінде таныстырып, емшілік жолмен денсаулығын  емдеп береміндеп сендірген. Осылайша емшінің арбауына түскен қала тұрғыны еш ойланбастан қолына  550 мың теңге ақшасын ұстата салған.

Шұғыл шаралардың нәтижесінде 21 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Қазіргі таңда аталған алаяқтық іс бойынша Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексінің  190-бабының 1-бөлігі іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеруәрекеттері жүруде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: