Жұма, 29 наурыз, 12:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада аса қауіпті қылмыскер ұсталды – ІІМ

18.06.2021

1070 0

Қызылордада аса қауіпті қылмыскер ұсталды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі өкілдері мәлім етті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, 34 жастағы тұрғын адам өлтірді деген күдікке ілінген.

«2018 жылғы күзде Қызылордадағы Яссауи және Бөкейхан көшелері қиылысында Toyota Land Cruiser Prado автокөлігінің жүргізушісі кісі қолынан қаза тапты. Оның кеуде тұсына екі рет оқ атылған.

Полицейлер айыпталушының жеке басын анықтады, биыл 5 желтоқсанда Қызылорда қаласының тұрғыны адам өліміне күдікті деп танылды. Қылмыскер ізін жасырмақ болған және оған іздеу жарияланды. Күдіктіге қатысты сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады», – делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары күдіктіні таңғы уақытта туыстарының үйінен ұстаған. Ұсталған кезде ол полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен.

«Күдікті Алматы облысында жалдамалы тұрғын үйлерде жасырынып жүрген, байланыс үшін виртуал телефон нөмірлерін пайдаланған. Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді ІІМ өкілі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: