Жұма, 31 мамыр, 02:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№42-2052
28.05.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысқан 14 сотталған жолдама алды

07.04.2023

425 0

Қызылорда қалалық прокуратурасы мен қалалық пробация қызметінің ұйымдастыруымен қалалық жұмыспен қамту орталығында «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті.
Жәрмеңкеге Қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған 18 азамат жұмыс іздеуші ретінде қатысты.Бос орындар жәрмеңкесінде «Қызылорда Тазалығы», «Қызылорда су жүйесі», «Қызылорда автобус паркі» т.б жұмыс беруші мекемелерден бос жұмыс орындары ұсынылды.
Нәтижесінде пробация қызметінің есебінде тұрған 14 азамат жұмысқа орналасуға жолдама алды.
«Есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру олардың құқық бұзушылықтармен қайта қылмыс жасауларының алдын алу шараларының бірі болып табылады. Есептегі азаматтарға жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, әлеуметтік-құқықтық, заңгерлік, медициналық, психологиялық және т.б көмектерді көрсетеміз.Сондай-ақ қалалық жұмыспен қамту орталығымен сотталғандарды жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік негіздері курстарына оқуларға жіберу секілді жұмыстарды атқарып келеміз. Қазіргі таңда қалалық пробация есебінде 500-ден астам азамат есепте тұрады. Осы азаматтардың арасында 12 сотталған тұрақты жұмысқа орналастырылды. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрғандарды жұмыспен қамту мақсатында Қызылорда қаласы әкімдігінің қаулысымен 50 жұмыс орындарының квотасы бекітілген. Есептегі жұмыссыз 18 адам квотамен жұмысқа орналасты. Алдағы уақытта да есептегі жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін осындай жәрмеңкелерге қатыстырып, жұмыс табуына ықпал етеміз»,- деді қалалық пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі Даулет Садуақасов.


Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: