Бейсенбі, 18 шiлде, 12:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада орта білімі жоқ жазасын өтеушілер аттестат алды

17.06.2024

246 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №37 мекемесінде жазасын өтей жүріп, орта білім алған сотталғандарға аттестат табыстау шарасы өтті.
Шараға Шиелі аудандық білім бөліміне қарасты кешкі мектеп мұғалімдері, мекеме қызметкерлері қатысты. Кешкі мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Ә.Байтілеуова қатысушыларды оқу жылының аяқталу мерекесімен құттықтап, орта білімі туралы аттестат табыстады.

«Қылмыстық-атқару кодексінің талаптарына сай  30 жасқа дейінгі сотталғандарға орта білім алу міндеттелген.  Мекемеде орта білімі жоқ 9 сотталғанның бесеуі 11 сыныпты бітіріп жатыр. Қалған сотталғандар орта білімін одан әрі жалғастырады. Қазір шыны керек түзелемін деген адам үшін біраз жағдай жасалған. Мұның барлығы  аяқтарын шалыс басқан жандарды түзу жолға қойып, бостандықта өз жолын табуға мүмкіндік жасалуда»,- деді жасақ бастығы әділет капитаны Айғара Сұлтан.
«Жастық шақта аңғалдығымнан жаза басып, құқық бұзғандығым үшін жазамды өтеудемін. Осының салдарынан орта білімім де жоқ болатын. Мекеме қызметкерлерінің көмегімен кешкі мектепте білім алдым. Сол мектеп ұстаздарының табанды еңбегінің нәтижесінде орта білімімді растайтын құжат алып отырмын. Осы үшін мекеме әкімшілігі мен кешкі мектеп ұстаздарына алғысымды білдіремін», – дейді жазасын өтеуші.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: