Сейсенбі, 23 сәуiр, 12:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада полицейлерге қарсылық көрсеткен ер адам ұсталды

13.05.2021

1140 0

Қызылордада көлігін айып тұрағына алмақ болған полицейлерге қарсылық көрсетіп, шабуыл жасаған ер адама ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 мамырда қызылордалық патрульдер Audi жүргізушісін алдыңғы нөмірі болмағаны үшін тоқтатқан. Тексеру барысында ер адамның құжаттары жоқ екені анықталған.

«Жағдайды анықтау үшін көлік айып тұрағына алынды. Алайда жүргізуші полиция шешіммен келіспей, ескертуді елемеген және қызметкерлерге әдепсіз қылық көрсетті. Сонымен қатар, ол тәртіп сақшыларына күш қолдану арқылы кедергі келтірді.

Тергеу барысында тәртіп бұзған ер адамның 2016 жылы осыған ұқсас қылмыстық құқықбұзушылық үшін сотталып, бір жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтегені анықталды», – деді полиция қызметкерлері.

Дерек бойынша ҚР ҚК-нің 380-бабы 1-бөлігі «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті Қызылордада уақытша ұстау изоляторына қамалған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: