Жұма, 29 наурыз, 10:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада полиция қызметкерлері марапатталды

10.10.2022

569 0

Қызылорда облысы Полиция департаментінде 5 қазан – Қылмыстық іздестіру және 7 қазан – Штаб қызметтеріне 104 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өтті.

Шарада Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Мұхтар Қожабаев сала ардагерлері мен қызметкерлерін құттықтады.

«Құрметті ішкі істер органдарының ардагерлері, тәртіп сақшылары, Сіздерді 5 қазан «Қылмыстық іздестіру» және 7 қазан «Штаб» қызметтеріне 104 жыл толу мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, ел тыныштығын қорғау жолындағы қажырлы еңбектеріңізге сәттілік тілейміз. Әрдайым анттарыңызға адал болып, ел қорғаны деген атаққа абыройлы қызмет ете беріңіздер! Еліміз тыныш, халқымыз аман, бауырымыз бүтін, бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!», – деді Мұхтар Қожабаев. 

Департамент бастығы өздерінің қызметтерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген жедел уәкілдерді марапаттады. 

ҚР Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен мерзімінен бұрын «полиция подполковнигі» арнаулы атағы полиция майоры Самат Ысқақовқа берілді. «Құқықтық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен полиция подполковнигі Рустам Сайдильдинов, «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісімен полиция майоры Еркін Тұңғышбай, полиция майоры Ғани Мұханов, грамотамен – полиция подполковнигі Мұрат Жақсыбаев, полиция подполковнигі Ғалымжан Ысқақов, Алғыс хатпен – полиция майоры Еркебұлан Битабаров, полиция подполковнигі Ардақ Дуненов марапатталды. 

Қызылорда облысы полиция департаментінің бұйрығымен «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісімен 13 қызметкер, грамотамен – 34 және 12 ардагер, Алғыс хатпен – 34 қызметкер марапатталды. Сонымен қатар полиция департаментінің бұйрығымен Штаб басқармасының 3 қызметкері марапатталды. 

Іс-шара соңы облыстық өнер жұлдыздары мен өнерпаз полицейлердің мерекелік концертіне ұласты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: