Дүйсенбі, 13 мамыр, 19:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
37-2047
11.05.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада сотталғандарға арналған құқықтық көмек көрсету жәрмеңкесі өтті

17.01.2024

218 0

ҚР Премьер-Министрдің 2023 жылғы 13 қыркүйектегі №142 өкімімен бекітілген ҚАЖ мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған жол картасының тармақтарын іске асыру мақсатында Қызылорда облысының жергілікті және мемлекеттік органдарының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінде Облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен жазасын өтеуші сотталғандарға құқықтық көмек беру жәрмеңкесі өтті.

Аталған шараға облыс прокурорының бірінші орынбасары Исламбек Төлегенов, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Даурен Шаріпбаев , ҚАЖ департаментінің бастығы, әділет полковнигі Шаймерден Есенкелдиев және өзге де сала басшылары қатысты.
Түзеу мекемесінде жазасын өтеуші сотталғандарға құқықтық көмек өткізудегі мақсат – сотталғандардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, олардың әлеуметтік бейімделуіне көмек көрсету, сотталғандарды жеке сұрақтарымен қабылдау.

Қазіргі таңда ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде 800 – ден астам сотталған жазасын өтеуде. Бүгінгі шара аясында 100-ге жуық сотталған өздерінің өтініштерімен, жеке сұрақтарымен мамандар кеңесіне жүгінді. Оларды қабылдау барысында қылмыстық істері, жаза мерзімі бойынша неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру және құжаттандыру мәселелері, мекеме аумағынан кәсіп ашу, сотталғандардың арасында некеге тұру бойынша, денсаулық жағдайы, атқару парақтары жөнінде сұрақтарын қойды. Жазасын өтеушілерді мұқият тыңдаған сала мамандары жазасын өтеушілердің шешімін таппай жүрген сұрақтарына толыққанды жауап берді, – дейді ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Есенкелдиев Шаймерден Тәжіқұлұлы.

Бүгінгі жәрмеңкеде адам құқықтары жөніндегі уәкілге жеке сұрақпен жүгіндім. Сала маманы мәселемді шешу жолының шарттары мен тәртібін түсіндірді. Бұл жәрмеңкеге екінші рет қатысуым. Осындай жәрмеңкелер жиі ұйымдастырылса жақсы болар еді. Себебі, менен өзге сотталғандардың сан сұрағына тек осы сала мамандары тұшымды жауап бере алады ,- деді сотталған азамат.


Шара соңында ҚАЖ департаменті басшылығы осы бағыттағы іс-шара алдағы уақытта жазасын өтеушілерге тұрақты түрде өткізілетіндігін мәлімдеді.

Адина ҰЗАҚБАЙ
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: