Сенбі, 04 мамыр, 04:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада тойда ауаға оқ атқан жігіттен қару тәркіленді

29.08.2022

433 0

ҚазАқпарат – Қызылордада қаруға ұқсас затпен ауаға оқ атқан 21 жастағы азаматтан Ресейде жасалған қару тәркіленді.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, әлеуметтік желіде Қызылорда қаласында тойда белгісіз азаматтың қаруға ұқсас затпен ауаға оқ атқан бейнежазбасы жарияланды. «Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде қызылордалық полицейлер 21 жастағы күдіктіні ұстады.

Одан Ресейде жасалған қару және оқ жатары айғақ зат ретінде алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылды», – деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: