Бейсенбі, 02 мамыр, 15:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада түзеу мекемесінде «Қақпа алдында кездесу» шарасы ұйымдастырылды

19.03.2023

578 0

Абайсызда немесе қасақана жағдайда қылмысқа барып, жазаға тартылған сотталған азаматтардың босатылғаннан кейін олардың қоғамға қайта бейімделуі үшін «Қақпа алдындағы кездесу» шарасының маңызы өте зор.
Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінен сотталған С. есімді азамат жаза мерзімінің аяқталуымен мекемеден босатылды. Ол сот үкімімен ҚР ҚК-нің 345 бабының 2- бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) 8 айға бас бостадығынан айрылып, жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтеген.
Соттлғанның мекемеден босатылуына орай «Қақпа алдындағы кездесу» іс шарасы ұйымдастырылды. Шараға Қызылорда облыстық бойынша қылмыстық жазаны өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығының мамандары, қалалық жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері және тиісті сала мамандары қатысты.
Кездесу барысында сотталғанға босатылғаннан кейін жұмыспен қамту, кепілді медициналық көмек, құқықтық көмек, пробациялық бақылап- қадағалау мәселелері бойынша құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шара аясында қажетті ақпараттарды алған сотталған азамат мекеме әкімшілігіне және келген мамандарға өз ризашылығын білдірді.
Сотталғанды заң талаптарына сай мекеме әкімшілігі жол қаражатымен қамтамасыз етіп, мекеменің тәрбие бөлімінің қызметкерлері жеке куәлігі мен жол парағы беріп, автобекеттен шығарып салды.
«Темір торда отырып, бостандықтың қадірін түсіндім.Балаларымды сағындым. Ендігі жерде балаларыма дұрыс тәрбие беріп, жақсы азамат етіп шығаруға бар күшімді саламын. Бүгінгі шарадан сала мамандарынан ақпарат алдым, жұмысқа орналасу , әлеуметтік –құқықтық көмектер алу үшін қай жерге баруға болатынын білдім», – деді сотталған азамат.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: