Жұма, 17 мамыр, 15:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада түзеу мекемесінің психологтары марапатталды

26.12.2023

250 0

25 желтоқсан – психолог қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Мерекеге орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің түзеу мекемелеріндегі психолог қызметкерлер, қызметтік міндеттерін адал орындағаны, қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін ҚАЖ департаменті бастығының алғыс хатымен марапатталды.

Департамент бастығының орынбасары әділет полковнигі Нәкенов Мұрат Сабырұлы психолог мамандарды мерекемен құттықтап, түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың басым бөлігі әлеуметтік көмекке мұқтаж екендігін, қоғамнан алшақтау дегенің жазасын өтеуші үшін өте ауыр психологиялық стресс. Сондықтан психологтардың көмегенсіз сотталғандарды тәрбиелеу мүмкін емес деді. Сіздер жазасын өтеушілермен тікелей мекемеге келген күннен бастап жұмыс жасап, қиналған жазасын өтеушілердің жан дүниесін түсініп, олардың көзқарастарын өзгертіп, келешекке сенімділікпен қарауға, мақсат коя білуге отбасына тезірек оралуы үшін тәрбиелік жұмыстар жасайсыз. Сіздердің отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізде адалдық тілеймін деп ізгі тілегін жеткізді.

Қазіргі таңда Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ мекемелерінде 6 психолог жұмыс жасайды. Атап айтар болсақ, әділет капитаны Айзат Мырзалы, әділет лейтенанты Айбек Орынбаев, психолог-мамандар: Ақгүл Аманова, Шынаркүл Кульбаева, Кеңес Салтанат және Омарбек Сүлеймен. Олар жаңадан келген сотталғандармен бірінші күннен бастап әңгіме-сұхбат жүргізіп, психологиялық мінездеме дайындап, оларды бостандыққа дайындайды.

Мекемеде басты міндетіміз түрлі қылмыс жасағандардың сотталғандардың сана-сезіміне саңылау түсіру, тәрбиелеу, өмірге деген көзқарасын өзгерту өте ауыр жұмыс. Олар сот шешімін естіген соң, өте агрессивті, ашуланшақ болады. Сондықтан бұл жерде психологиялық қолдау маңызды. Біз олардың эмоциялары мен сезімдерін дұрыс түсініп одан әрі бейімделу процесіне дайындауымыз керек. Жазасын өтеушілермен жеке сөйлесіп психологиялық қолдау білдіріп, тренингтер өткіземіз. Бүгінгі психологтар күнімен барша психолог мамандарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын- дейді әділет капитаны Айзат Мырзалы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: