Дүйсенбі, 07 қазан, 06:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада уақытша жалға алған пәтерден қымбат теледидар ұрлаған азаматша ұсталды

14.07.2022

457 0

Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 44 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Өзінің арызында ол тәулікке жалға берген пәтерінде уақытша тұрып жатқан азаматшаның үй ішіндегі қымбат теледидарын ұрлап кеткендігін көрсеткен.
Үйін тексеруге келгенінде оның пәтерден «Самсунг» маркалы теледидарын ұрлап кеткендігін көрген. Болған ұрлық жөнінде дереу полицияға хабарласқан әйел тәртіп сақшыларына мән – жайды айтып берді. Пәтер иесіне 200 мың теңге көлемінде шығын келтірілді. 
Қазіргі уақытта сенімге кіріп, ұрлық жасаған 27 жастағы қызылордалық азаматшаға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 – бабының 1 – бөлігімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Соңғы уақытта осы тектес деректердің жиілегенін ескеріп, Қызылорда облысының Полиция департаменті жалға беру шарттарын міндетті түрде заңдастыруға кеңес береді.
Қос тараптың жеке басын куәландыратын құжаттар арқылы келісім-шарттың мерзімі, оны бұзудың негіздері және шартты орындауға қатысты материалдық жауапкершілікті қарастырған жөн.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: