Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 08:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада заңсыз сақталған қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді өтемді түрде сатып алу акциясы өткізілуде

18.04.2023

797 0

Ағымдағы жылдың 10  сәуіріненбастап  республика көлемінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен қару сатып алу бойынша кезекті акция өткізілуде.   

Акцияның негізгі мақсаты азаматтарда заңсыз сақталған қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді өтемді түрде қабылдау болып табылады.

Қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Алынған қарудың түріне және техникалық жай-күйіне байланысты  сыйақы тағайындалады.    

Акцияның 8 күнінде облыс тұрғындарынан  30 өтініш түсіп, 49 дана қару қабылданған.

ҚР Ішкі істер министрлігінің бұйрығына сәйкес бірайлық есептік көрсеткіштің 10-нан 100-ге дейінгі мөлшерінде сыйақы тағайындалады.  

Құрметті облыс тұрғындары!

Тіркеуде жоқ заңсыз сақтаудағы қаруларды, жарылғыш заттарды полиция бөлімдеріне  өткізіп, қарумен жасалатын қылмыстардың және төтенше оқиғалардың алдын алуда өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: