Жұма, 29 наурыз, 11:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада жалған ақпарат таратқан әйелге қатысты тергеу басталды

01.05.2021

1704 0

Кеше, 29 сәуір күні мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде  Қызылорда қаласында жоғалған баланың өлімі туралы халықты дүрліктіретін аудиожазба таралған болатын. Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері шындыққа сай келмейтін  жалған ақпаратты аудиожазба арқылы таратқан азаматшаны  анықтау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде бүгін бұл азаматша анықталып, Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жеткізілді. Жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызған азаматша кінәсін толықтай мойындап отыр.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274 – бабының 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес (Көрінеу жалған ақпарат тарату) сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары басталды.

Осы бапқа сәйкес үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жаза көзделген.

Қызылорда облысының Полиция департаменті азаматтарды  тек ресми мәліметтерге ғана сүйеніп, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарайтын қауесеттер мен жалған ой-пікірлерге құлақ аспауға шақырады.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: