Сейсенбі, 24 желтоқсан, 08:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада жылыжайда есірткі еккен азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылды

14.09.2023

394 0

Қызылордада жылыжайда есірткі еккен азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот өз ауласындағы жылыжайда есірткі еккен Қызылорда тұрғынына қатысты үкім шығарды. Наурыз айында жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ІІМ “Бүркіт” арнайы мақсаттағы бөлімшесімен бірлесіп, 57 жастағы қызылордалықты ұстады және оның ауласынан арнайы жабдықталған есірткі жылыжайын анықтады. Бағбаннан бес литрлік кесілген пластикалық бөтелкелерге, полиэтилен пакеттерге және гүл құмыраларына отырғызылған 37 марихуана бұталары мен 145,97 грамм тұқым тәркіленді. Сондай-ақ, тінту кезінде 1 келі 710 грамм кептірілген қарасора, тіркелмеген аңшы мылтығы мен қару-жарақ бөлшектері табылды. Енді алдағы бес жылда әуесқой “бағбан” өз уақытын колония аумағындағы өсімдіктерге күтім жасап өткізеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: