Сейсенбі, 16 сәуiр, 14:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордадағы түзеу мекемелеріндегі 63 сотталғанның жеке куәлігі жаңартылды

07.07.2022

362 0

ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеуші азаматтарды құжаттандыру жұмысымен арнайы есепке алу қызметкерлері айналысады. Қызылорда қаласындағы түзеу мекемелерінің Арнайы есепке алу бөлімі мен қалалық көші –қон полиция басқармасының қызметкерлері мекемеде  жазасын өтеп жүрген азаматтарды құжаттандыру мәселелері бойынша тығыз жұмыс жасауда. Жыл басынан 63 сотталғанның жеке куәлігінің мерзімі аяқталуына байланысты қайта жасалды.

Атап айтар болсақ, мекемеге жаза мерзімін өтеуге келген бір сотталғанның туу туралы ғана куәлігі болған. Арнайы есепке алу бөлімінің қызметкерлері сотталған азаматтың жеке басын куәландыратын құжатын жасап берді. Жуырда ол азамат сот қаулысымен жазасының өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылып босатылды. Жеке куәліктің болмауы сотталғандардың бірқатар құқықтарын қиындатады. Сондықтан да арнайы есепке алу бөлімінің қызметкерлері сотталғандарды құжаттандыру мәселесін бірінші кезекте қояды. ҚАЖ мекемелерінен босатылғаннан кейін алынған жеке басының куәландыру құжатымен тұрғылықты мекенжайына барып тіркеліп, жұмысқа орналасады немесе денсаулық жағдайын байланысты жергілікті емханаларға тіркеуге алынады. Қазіргі таңда тағы 21 сотталғанның жеке куәлігі орындалу сатысында,- дейді ҚАЖ департаментінің арнайы есепке алу тобының бас маманы әділет майоры Шырын Әбдиева.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: