Сенбі, 04 мамыр, 05:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық полицейлер ана тілін ардақтайды

26.12.2022

441 0

    Сөз жоқ, тіл – ұлттық мінез-құлықты қалыптастырудың аса тиімді құралы әрі ұлттық психологияны дамытудың факторы. Ол этносты топтастырып, біріктіретін құдіретті күшке ие. Тіл халықтың интеллектуалды және рухани дамуында теңдессіз рөл атқарады. Сондықтан да ұлттық идея аясында қазақ тіліне – оның статусына, мәдениетті дамытудағы рөліне маңызды орын беріледі. Ол – ұлтымыздың рухани алтын діңгегі, ортақ еншісі, халықтың басын қосатын дәнекері. Халық та, зиялы азаматтар да тіл тағдырына бейтарап қарамайды.

Қазіргі таңда қоғам өмірінің қай саласында болмасын қазақ тілінің қолданыс аясы барынша кеңейе түсуде. Бұған қоса қазақ тілін менің де тілім деп ұғынған өзге ұлт өкілдерінің де уақыт өткен сайын көбейе түсуі нақты шындыққа айналып отыр. Олар Қызылорда қалалық Полиция басқармасы қызметкерлерінің арасында да көптеп саналады. Оның жарқын мысалы ретінде Полиция басқармасында ұлты қазақ азаматтармен қатар өзге ұлт өкілдерінің де қызмет етіп отырғанын айтуға болады. Олардың қай-қайсысының болмасын қазақ тілін өз ана тіліндей жетік игергенін мақтаныш сезіммен айта аламыз. Қалалық  Полиция басқармасының  тұтастай алғанда барлығы үшін ақпарат және хабар алмасу, құжаттар дайындау тілі – қазақ тілі болып табылады. Ресми және мерекелік жиындар, кәсіби даярлық дәрістері қазақ тілінде өткізіліп, түрлі мемлекеттік органдармен қызметтік хат алмасу мемлекеттік тілде жүргізіледі. Іс қағаздарын тек ана тілінде жүргізу тәртібі берік орнаған. Бұл дегеніңіз үлкен жетістік болып табылады.

   Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін», – деп алдағы уақытта қазақ тілінің мәртебесі артатынына баса мән берді.

   Біз – ұлтаралық келісім өзара жарасымын тапқан тату елміз. Сондықтан, қазақ тілі әр адамның ар-ожданы, мақтанышына айналуы тиіс. Осы орайда, Бауыржан Момышұлының «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» – деген сөзін әрбір қазақ ұғынса, біздің тіліміздің мәртебесі биіктей түсер еді. Мемлекеттік тілді еркін меңгерген, елдің тарихын, салтын, дәстүрін жақсы білетін, Қазақстанды Отаным деп санайтын азамат, шыққан тегі қай ұлт екеніне қарамастан, кез келген лауазымды қызметке көтеріле алады. Сондықтан, мемлекеттік тілді өз дәрежесінде меңгеру әр қазақстандық үшін Конституциялық міндет.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: