Жұма, 26 сәуiр, 11:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық полицейлер шағын футболдан сынға түсті

03.10.2022

473 0

«5-қазан Қылмыстық іздестіру қызметінің 104 жылдығына» орай «Динамо» спорт кешенінде Қызылорда облысының полиция департаментінің қызмет салалары, ардагерлері арасында Криминалдық полиция басқармасының ұйымдастыруымен шағын футболдан турнир өтті.

Турнирдің ашылу салтанатына Қызылорда облысы полиция департаментінің басшылығы, ішкі істер органдарының ардагерлері, сондай-ақ «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының облыстық филиалының өкілдері қатысты.

Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Байжан Байгелді турнирді ашып, сөз сөйледі.

«Ішкі істер органдарының аса маңызды құрылымдарының бірі, ол – қылмыстық іздестіру қызметі. Қылмыстың ашылуына, қылмыскерлерді құрықтауда жедел әрекет ететін қылмысты іздестіру саласының қызметкерлері, оның ішінде жедел уәкілдердің жұмыстары қиын да күрделі. Осыдан болса керек, сонау 1918 жылдан бері қылмыстық іздестіру күні арнайы бекітіліп, полицейлер арасында мерекеленіп келеді. Өздеріңіз білетіндей, мұндай жарыстар қызметкерлер арасында спортты дамыту, даңқты дәстүрлерді нығайту, ойыншылар арасында құрметті қарым-қатынас орнату үшін маңызды. Жарыс жоғары деңгейде, командаларға лайықты жеңістер, барлық қатысушыларға спорттық мерекеден ұмытылмас әсер қалдыруын тілеймін», – деді Байжан Байгелді.

Жарысқа 8 команда қатысты. Ойынның міндеттері мен шарттарын анықтайтын мандаттық комиссия құрылды.

Шағын футболдан жарыс аяқталғаннан кейін командалар арасындағы орындар келесідей бөлінді: 1 орынды ҚПБ Патрульдік полиция батальоны командасы жеңіп алса, 2 орынды –АДБ,КСБ және Штаб басқармаларынан құрылған командасы иеленді, ал 3 орын –ОПД Жедел қызметкерлері командасына бұйырды.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері арасында «Үздік ойыншы» зейнеткер Жұманов Раушанбек, «Үздік шабуылшы» Абилаким Нариман , «Үздік қақпашы» Тұрсынов Алмат, «Үздік қорғаушы» Есенбеков Азамат номинациялар бойынша анықталды.

Жарысқа қатысушылар мен жүлдегерлер Департамент бастығының Дипломымен, кубоктармен, медальдармен марапатталды.

«Қылмысқа қарсы күрес, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау – ішкі істер органдары қызметкерлерінің басты міндеті болып табылады. Қылмыстық іздестіру сала қызметкерлерін мерекелерімен құттықтай отырып, дендеріне саулық, қызметте абырой, отбасыларына амандық тілеймін!», – деді Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Даурен Ибраев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: