Жұма, 26 сәуiр, 17:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Республика көлемінде нашақорлыққа қарсы күрес айлығы басталды

26.05.2023

657 0

26 мамыр күні республика көлемінде бейнеконференциялық байланыс режимінде «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссия» отырысы өткізілді.
Отырыстың негізгі мақсаты – «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орай республика көлемінде профилактикалық іс-шаралар айлығының салтанатты ашылуы.
Аталған жиынға республикамыздың барлық өңірлерінен мүдделі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйым өкілдері, қоғам белсенділері, журналистер, блогерлер, еріктілер және жанашыр тұрғындар қатысты.
Конференция барысында нашақорлықтың алдын алу және есірткінің заңсыз айналымымен күрес бағытындағы атқарылған жұмыстар, алдағы уақыттағы басым міндеттер мен жоспарланған іс-шаралар туралы сөз қозғалды.
Өткізілетін айлық шеңберінде Қызылорда облысы көлемінде көптеген іс-шаралар жоспарланып, іске асырылатын болады.
«26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орай өткізілетін айлық, 26 мамыр – 26 маусым аралығында жалғасатын болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: