13 сәуір күні полицияға Қызылорда қаласының 53 жастағы тұрғыны орын алған ұрлық жөнінде хабарлама берді. Азаматшаның айтуынша, саяжайдағы үйінен белгісіз тұлғалар темір торды бұзып кіріп, шаруашылық заттарын, үй техникасын және үй ауласын қоршап қойған ұзындығы 140 метр темір тор қоршауларын ұрлап кеткен. Келтірілген залал мөлшері 272 мың теңге.
Хабарлама түскен соң полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына жетіп, тиісті тексеру жұмыстарын жүргізді. Полицейлер жедел – іздестіру жұмыстарының нәтижесінде ізін суытпай ұрлыққа түскен күдіктіні анықтап, полиция бөліміне жеткізді.
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 – бабының 3-бөлігі бойынша (тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!