Жексенбі, 03 мамыр, 13:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2244)
01.05.2026
PDF мұрағаты

Сананы сауықтыруға бағытталған кездесу

01.05.2026

18 0

Фото: ҚАЖ департаменті

Жат ағымның жетегінде кету адамды адастырары анық. Сондықтан, ой-сананы оң бағытқа бұрудың маңызы зор. ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын өтеуші азаматтар арасында діни сауаттылықты арттыру және теріс ағымдардың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.

Аталған шараға “Ақниет” қоғамдық қорының директорының кеңесшісі Ә.Мусаев және “Ақниет” орталығының жетекшісі А.Төлегенов арнайы келіп, дін саласындағы өзекті мәселелер жөнінде кеңінен ақпарат берді.

Кездесу барысында мамандар діннің шынайы мазмұны, оның қоғамдағы орны мен маңызы туралы кеңінен айтып, радикалды идеологиялардың зияны мен қауіпті тұстарын нақты мысалдар арқылы түсіндірді. Сондай-ақ, дәстүрлі діни танымның негізінде адамгершілік, сабыр, мейірім, заңға құрмет сияқты құндылықтардың жататыны атап өтілді. Жазасын өтеушілер көкейдегі сұрағын қойып, ашық пікір алмасуға мүмкіндік алды.

– Қазіргі таңда діни ақпарат кеңістігі әртүрлі көзқарасқа толы. Сондықтан жазасын өтеуші азаматтардың дұрыс бағыт-бағдар алуына жағдай жасау – ортақ міндетіміз. Біз тек түсіндіру жұмыстарын өткізіп қоймай, олардың санасында тұрақты, байыпты көзқарас қалыптастыруға күш саламыз. Мекемеде ұйымдастырылған мұндай кездесулер жазасын өтеуші азаматтардың өз ой-пікірін ашық білдіруіне, күмәнді сұрақтарына жауап алуына мүмкіндік береді. Бұл – олардың ішкі сенімін нығайтып, болашақ өміріне жауапкершілікпен қарауына ықпал ететін маңызды қадам, – дейді АКАӘПТЖББ-ның бөлім бастығы әділет майоры Бақдәулет Тулепбергенов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: