Бейсенбі, 25 сәуiр, 00:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Соңғы қоңырау кезінде қоғамдық тәртіпті қадағалау күшейтілді

25.05.2021

909 0

Жаңа оқу жылы мәресіне жетті. Соңғы қоңырау  соғылып,  тарыдай болып мектеп табалдырығын  аттаған балғындар  таудай болып, алтын ұясымен қоштасты.   

Қызылорда өңірінің полицейлері бұл салтанатты шараның өткізілуі кезінде қоғамдық қауіпсіздікті  күшейтті.

Білім басқармасының мәліметіне сәйкес, биыл  облыс бойынша барлығы 293 мектепті 7006 түлек бітірмек.

«Соңғы қоңырау» салтанатты шара барысында облыс  бойынша қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барлығы  600-ге жуық қызметкер және 93 қызметтік автокөлік жұмылдырылды.

Сонымен қатар, мектеп бітіруші түлектердің қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету үшін  Қалалық мәденидемалыс паркі,  Орталық алаңда, жастар көп шоғырланатын орындарда білім беру ұйымдарының директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Полиция департаментінің және қалалық Полиция басқармасының  қызметкерлерімен бірлесіп қызмет атқармақ.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: