Сенбі, 27 сәуiр, 00:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Сотталған азаматша кәсібін ашты

16.05.2023

648 0

Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде тұратын сотталған азаматша қайтарымсыз грант ұтып алды.
Ағымдағы жылдың сәуір айында тағы бір есепте тұратын азаматша қайтарымсыз грант ұтып алды. Ол «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негізінде Атамекен кәсіпкерлік палатасында оқытылып, компьтерлік қызмет көрсету бойынша бизнес жобасын дайындап, 1 млн 380 мың теңге көлемінде мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант ұтып алды. Әділет капитаны Ж. Исмаилованың айтуынша есепте тұратын сотталғандар әлеуметтік-құқықтық көмектерді алып жатыр, соның ішінде жеке кәсібін ашып дамытушылар саны көбейіп жатыр. Жыл басынан 2 сотталған мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып, 3 сотталған қазіргі таңда бизнес жоспарларын даярлап, жоспарларын қорғауға кірісті. Жуырда қайтарымсыз грант алған азаматша қазіргі таңда «Компьютерлік қызмет көрсету және сублимация орталығын» ашты. Ол жердегі қызмет: қағаз шығару, сурет шығару, переплет, ламинат, визитка, түрлі түсті қағаз теру, тойтабақ дайындау, алғыс хат, диплом, сертификат дайындау, 40-50-60 жас бойынша адресат дайындау т.с.с кәсібін жүргізуде. Пробация есебіндегі сотталғандардың жеке кәсіп ашуы, олардың өмірге деген көзқарастарын өзгертіп, қоғамға тез бейімделіп кетуіне септігі мол дейді ,-әділет капитаны Ж. Исмаилова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: