Жексенбі, 05 мамыр, 05:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Сотталған азаматтар да еңбек етуде

22.02.2023

494 0

Колониядағы еңбек дағдысы – табысты болашақ кепілі. Осы мақсатта Қызылорда облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мекемесінің өндірістік  аймағында алты кәсіпкер кәсібін ашып, сотталғандарды жұмыспен қамтып отыр. Соның бірі – полистиролбетон блок шығаратын цех.  Маусымдық жұмыс болғандықтан азирге 6 адам жұмыс жасауда. Наурыз айынан бастап тұтынушы талабына байланысты адам саны көбейту жоспарлануда. Қазіргі кезде мекеме басшылығының рұксатымен сотталғандарға видеокурс жүргізілуде. Видеокурста полистиролбетон блоктарды қалай шығарылатыны, құрал-саймандармен танысу жіті көрсетілген. Үш жыл көлемінде жұмыс жасап жатқан сотталғандар шығаратын өнім тұтынушылар сұранысына ие.

– Осындай видеокурстарды өткізу өте пайдалы. Жұмысшы жұмыс барысын өз көзімен көріп, жұмысберушілермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алып, бостандыққа шыққанда дайын маман атанады. Қазіргі уақытта біздің цехта жұмыс жасап, еркіндікке шыққан 2 сотталған осы салада жұмыс жасауда, – деді кәсіпкер Санат Шалбуов.

Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы әділет капитаны Бағлан Қалиевтің         олардың бостандыққа шыққан соң табыс көзін іздейтіні белгілі екенін айтты. Сондықтан оларды жұмысқа тарту мәселесіне бүгіннен бастап көңіл аударылу қажет. Осыған орай мекеменің өндірістік аймағына жеке кәсіпкерлерді тарту мақсатында қаладағы жеке кәсіпкерлерге ашық есік күндері, семинар-кеңестер өткізілді. Жеке кәсіпкерлерді өз кәсібін дамыту мақсатында мекемеге  шақыруда жолға қойылған.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: