Сенбі, 20 сәуiр, 04:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Сотталғандар арасында музыка терапиясы өтті

23.08.2022

630 0

Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде психолог маманның ұйымдастыруымен сотталғандар арасында музыка терапиясы өтті. Іс-шараның мақсаты – жазасын өтеушілердің бірі-бірімен қарым қатынасын арттыру, музыка терапиясы арқылы жүйке жүйесінің шаршауы мен қажуын және көңіл-күйін ретке келтіру. Музыка терапиясы әр қазақ жүрегінің төрінен орын алған Қазақстанның халық әртісі, аса көрнекті сазгер, ән әлемінің патшасы, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» әнімен ашылды. Одан соң  мекеме психологы Ақгүл Аманова  композитордың өмірі мен шығармашылығына тоқталды.

Музыка терапиясына белсене қатысқан сотталғандар  Шәмші Қалдаяқовтың әнін  домыбармен  керемет орындаса, бірі саз сырнаймен сүйемелдеп тамылжыта орындады. Р есімді сотталған сазгердің суретін майлы бояумен салды. Осылайша музыка терапиясынан керемет әсер алған сотталғандар психолог маманға алғысын айтып, алдағы уақытта да осындай шараларға қатысуға ниеттерін білдірді.

 «Бүгінгі шараға белсене қатысқаным үшін марапатталдым. Қазақ халқының ұлы сазгері Шәмші Қалдаяқовтың суретін салып, сазсырнайда әнін айттым. Оның әндері жанға кірерлік, құлаққа жағымды. Өз басым оның әндерін сүйіп тыңдаймын, мысалы, “Ана туралы жыр”, “Жан құрбым”, “Кешікпей келем деп ең” әндері.Бала күнімнен сурет салып, ән айтатыным бар еді. Осы шарада бар өнерімді көрсеттім. Отбасымыздан жырақта жүрсекте көңіліміз бір көтеріліп қалды »,- деді сотталған азамат.

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: