Сәрсенбі, 08 мамыр, 09:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Сотталғандарға көрсетілетін медициналық көмек пысықталды

15.03.2023

593 0

Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінде департамент бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыровтың төрағалығымен дөңгелек үстел өтті.
Шараға Қызылорда облыстық прокуратурасының үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасының бастығы Әбіләзім Асхат Әбдіғабитұлы, басқарманың аға прокуроры Алмас Махмут Ахтанұлы,облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Шайымбетов Жангелді Мырзагелдіұлы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің басшысы Бактиберлина Раушан Сейтқасымқызы, №3 қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары Ахмет Лейла Кенжебайқызы, №6 қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары Жалғасбаева Нүргүл Жалыбекқызы, №37, №60, №68 мекемесінің бастықтары қатысты.
Жиынды ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыров ашып, күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталды. Дөңгелек үстелде ҚАЖ мекемелеріндегі сотталғандарға медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл мәселелері талқыланып, туындаған мәселелі сұрақтардың шешу жолдары қаралды.

  • ҚР Президентінің №622 Жарлығына сәйкес, 2023 жылдың 01 қаңтарынан бастап түзеу мекемелерінің медициналық қызметтері денсаулық сақтау басқармаларына берілді. Осы ретте облыстық денсаулық сақтау басқармасының №3,№6 емханасының дәрігерлері ҚАЖ мекемелеріндегі 1000-нан астам сотталғанның денсаулық жағдайын бақылап, аурудың уақытылы алдын алу мақсатында ФГДС, КТ, МРТ-дан өткізуде.

  • – Біздің Ата заңымыздың бірінші бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», – деп нақты жазылған. Сондықтан біз әрбір сотталғанның денсаулығына бей-жай қарамаймыз. Бірінші кезекте сотталғандардың денсаулығын қадағалап, уақытылы медициналық көмек көрсетіп, скрингтік және профилактикалық тексерулер мен жылжымалы медициналық көмек «Денсаулық пойызын» ұйымдастыру мақсатында өткізілген кездесуде сала мамандарымен жұмыс барысында туындаған мәселелерді бірлесе отырып, шешімін таптық. Денсаулық сақтау басқармасымен ынтымақтастықта , бірлесе жұмыс атқарар болсақ, сотталғандар тарапынан денсаулығына байланысты арыз-шағымы азаяды, – деді әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыров.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: