Сәрсенбі, 29 мамыр, 13:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№42-2052
28.05.2024
PDF мұрағаты

Сотталғандарға рухани мұра сыйға тартылды

07.04.2023

521 0

Қасиетті Рамазан айында Асыл Мұра – Орда қоғамдық қоры темір тордың ар жағындағыларға қамқорлық жасаудың өзгеше үлгісін көрсетті.

Қордың өкілі, үйлестіруші маман Әбдіғапбар Перизат Қанжарбекқызы мекемеге 40 дана діни тақырыптағы кітаптар әкеліп берді.

Кітаптарды қабылдап алған мекеменің теолог маманы бұл шығармаларды радикалдық бағытқа қарсы арнайы тексерістен өткізді.

  • Бүгінгі Асыл Мұра – Орда қоғамдық қорынан келген кітаптар өте құнды дүниелер.

Кітаптар арасында Имам Ғазалидің « Бақыт формуласф»« Жүректің сырлары» С.Думанның «Көркем мінез» Абдусамат Қасым « Заман тудырған сұрақтар» т.б діни бағыттағы кітаптар мен Сайфулиннің ‘Қамшыгер « Ұлы дала батырлары» Ермұрат Ораз « Ұлы дала хандары » деген тарихи шығармалары да бар.

Біздің тараптан жіберілген сұраныстарымыз бойынша, бұған дейін де 21 кітапты сыйға тартқан болатын.

Мекемедегі дінге сенуші сотталғандардың  бойында оң иммуниттет қалыптастыру мақсатында, сотталғандардың өз беттерімен сауаттарын арттырып, танымдарын кеңейтулері үшін, әкелінген діни әдебиеттердің маңызы зор.

Кітаптар жазасын өтеушілердің түзелуіне игі ықпалын тигізіп,сотталғандарды рухани тәрбиелейді деп ойлаймын.

Оларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеуге оң әсерін беріп, кейбір жаза өтеушінің өмірлік көзқарастарын жағымды бағытқа өзгертуге септігін тигізеді- дейді, АКАӘПТЖБ- нің инспектор теологы, әділет аға лейтенанты Темірбек Сәулет.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: