Сенбі, 27 сәуiр, 11:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Сотталғандарға түсіндірме жұмысы жүргізілді

03.04.2023

478 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесіне сот үкімімен жыл басынан 70-тен астам сотталған жаза мерзімін өтеуге жіберілген. Мекемеге қабылданған сотталғандар 15 тәулікке дейін карантин бөлімінде болады.
Сотталғанның мекеменің карантин бөлімшесінде болуы мінез-құлқының негізгі ерекшеліктерін, психологиялық ерекшеліктерін зерттеу, жалпы білім деңгейін анықтау, сотталғанның жаза өтеу тәртібі мен шарттарымен танысуы, сондай-ақ, денсаулық жағдайын тексеру және санитарлық-гигиеналық шараларды өткізу үшін пайдаланылады. Мекеменің қызмет салалары сотталғандарды қабылдап, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
Бүгін осы карантин бөліміндегі сотталғандарды мекеменің арнайы есепке алу бөлімінің бастығы әділет майоры Н. Молдағалиқызы қабылдап, жеке істері бойынша сұрақтарына жауап беріп, жаза өтеудің тәртібі мен шарттары туралы түсіндірме жұмысын жүргізді.

  • Жаза басып жаңылып, сотты болдым. Жаза мерзімімді өтеуге осы мекемеге жіберілдім. Мекеме қызметкерлерінің жеке қабылдауы барысында сұрақтарыма жауап алып, ішкі тәртіп пен рұқсат етілген сәлем-сауқат туралы толық ақпарат алдым. Карантин режимінде толық тексерістен өтіп, енді белгіленген жасаққа аттанғалы отырмын. Қылмыстың өтеуі жаза екені анық. Жасаған ағаттығым үшін өкінемін,-деді өз сөзінде сотталған Р. есімді азамат.
  • Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: