Жексенбі, 19 мамыр, 09:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Сотталушылар арасында «Шеберлік-шексіз өнер» тақырыбында іс–шара өтті

17.02.2024

328 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде жазасын өтеушілерге «Шеберлік-шексіз өнер» атты іс-шара өтті.
Шараны мекеменің тәрбие бөлімі мен кешкі мектеп мұғалімдері, қалалық спорт бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырды.«Шеберлік-шексіз өнер» атты іс-шара 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде жазасын өтеушілер қазақ халқының тұрмыс тіршілігі, қолөнері жайлы сурет салды. Сандарды таңдап алу арқылы түскен қолөнер бұйымдарының жасалу жолдарын, материалы, тарихы,маңызы туралы айтты.
Ал үшінші кезең спорттық жарыста өздерінің күштіліктерін,ептіліктерін гір тасын көтеру, қол күрес, арқан тарту сынды өнерлерін көрсетті.
Жарысқа жаза мерзімін өтеушілер ептілікпен, қызығушылықпен қатысты. Сурет салудан 1 орында Т есімді сотталған жеңіп алса, екінші және үшінші орынды М және С есімді сотталғандар өзара бөлісті.
Ал спорттық жарыста 16 кг гір тасын 62 рет көтеріп, 1 орынды С есімді азамат жеңіп алды. Арқан тартудан «Жойқын»,, «Алыптар», «Сұңқар» командалары қатысып, 1 –ші орынды «Жойқын» командасы иеленді.

  • Бүгінгі жарыс өте тартысты өтті. Бірінші кезең бойынша сурет салу жарысына қатыстым. Кәсіби суретші болмасам да, «Қазақ жайлауы» суретін суретін салып, 1 орынды жеңіп алдым. Көңіліміз көтеріліп, бір сергіп қалдық. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз»,-деді сотталған азамат.
    «Бүгінгі шарада сотталғандар қиял әлемін қағаз бетіне түсіріп, барын салып жарысты. Үздік суретті анықтау да оңайға соқпады.Жалпы мекемеде мәдени-спорттық шараларды жиі ұйымдастырамыз. Олар отбасынан жырақта болса да отбасымен байланысын үзбеу, қоғамға тез бейімделіп кетуі үшін қызметкерлермен, психолог мамандармен шаралар ұйымдастырып тұрамыз.»,- дейді тәрбие бөлімінің бастығы Абдулла Уайдаев.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: