Жексенбі, 19 мамыр, 20:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Спартакиада жеңімпаздарын марапаттады

23.06.2021

913 0

Маусымның 8-22 күндері аралығында Қызылорда қаласында «Мемлекеттік қызметші күні» мерекесіне орай Облыс әкімінің жүлдесіне арналған 26–шы дәстүрлі мемлекеттік және ведомство қызметкерлері арасындағы спартакиадасы өтті.

Жарыстың мақсаты-мемлекеттік және ведомстволар қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, мемлекеттік және ведомстволар қызметкерлерін дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, халық арасында достық пен өзара сенімді нығайту саясатын тереңдету үшін бұқаралық спорттың рухани әлеуетін пайдалану мақсатында өткізілді.

Спартакидаға 41 мекеме спорттың 9 /Шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, арқан тарту, жүзуден эстафета 4х25 м, бильярд, тоғыз құмалақ, шахмат, пневматикалық мылтықтан ату/ түрінен сайысқа түсті.

Нәтижесінде Қызылорда облысы Полиция департаменттің құрама командасы спорттың 4 түрінен (Волейболдан, Арқан тартудан, Жүзуден, Бильярдтан) 1-орын, 2 түрінен (Шағын футболдан, Шахматтан)  2 – орын, 1 түрінен (Пневматикалық мылтықтан атудан) 3 – орын және 2 түрінен (Үстел теннисінен, Тоғыз құмалақтан) 4 – орынға қол жеткізіп, командалық есепте 1-ші орынға ие болды.

Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар спорт түрлері және командалық есеп бойынша анықталып, грамота, кубоктармен Қызылорда облысының  дене шынықтыру және спорт басқармасымен марапаталды.

Міне бүгін спартакиядада 1-ші жүлделі орынға ие болған Полиция департаменттің құрама командасының 29 қызметкерін Департамент бастығының бірінші орынбасары «Грамота», «Алғыс хаттармен» марапаттады.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: