Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 08:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Ана тіліміз – қазақ тілі

13.02.2023

1386 0

           Қазақстан  Республикасы мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.        

          Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын қатайтты. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы-тіл. Тіл-халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі-ұлттың мәселесі.

           Ана тілімізді өркендету –баршаның ісі. Тіл тек қарым қатынас құралы емес, ойлаудың дүниетанымның, рухани мәдениетті жасаудың, ұлттық ұжымдық тәрбиесін жинақтаудың құралы және  ұлтымыздың биік тұғыры. Бұл ретте біздің мемлекетіміздің тілге деген жанашырлығы басым.

Біздің  қазақ халқының тілі өте бай, айтылуға орамды, көркем тіл. Тіл-адамның барлық саналы өмірінің құралы,өнер білімді, мәдениетті, қоғамның белсенді азаматы болуды ол тіл арқылы үйренеді. Ана тілі еліміздің халықтардың барлық іс-әрекетінің, қарым-қатнасының құралы болуы тиіс, оның мәдениетін жоғары сатыға көтеру әрбіріміздің борышымыз. Тіл байлығын игеру-ана тілін қадірлейтін, тіл мәдениетінің шыңына қол созатын адамның әрекеті.

Қазіргі таңда қоғамда мемлекеттік қолдау мүмкіндігі жоғары салаларда қазақ тілінің қолданыс аясы едәуір кеңейіп келе жатыр деп айтуға толық  негіз бар.  Қазіргі қоғамымыздың жастарының белсендігі жоғары.  Бұл біздің мемлекеттік тіліміздің мәртебеміздің асқақтағаны.

         Айта кетсек, сот  саласындағы мемлекеттік қызметкерлер арасында жыл сайын тілге байланысты түрлі сайыстар, семинар сабақтары ұйымдастырылып  өтуде, сот қызметкерлерінің тіл мәселесін көтеруге байланысты мақалалары газет басылымдарына жариялануда.

         Ана тілін жақсы білу-әркімнің азаматтық борышы, қоғамда атқаратын қызметінің тірегі. Сондықтан ана тілімізді қадірлейік.

Н.Жиенқожа,

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: