Жұма, 31 мамыр, 03:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№42-2052
28.05.2024
PDF мұрағаты

«Көліктегі қауіпсіздік» акциясы өтуде

24.02.2023

536 0

Теміржол көлігі нысандарындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, жолын кесу мақсатында 2023 жылдың ақпан айының 20-24 жұлдызы аралығында Төретам станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінде «Көліктегі қауіпсіздік» акциясы өтуде. Осы акцияның мақсаты құқықтық тәртіпті сақтап, теміржол аумағында орналасқан қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың жолын кесіп, жазатайым оқиғалардың және қылмыстардың алдын алу болып табылады.

Акция өту кезінде патрульдік полиция тобының қызметкерлері патрульдеу барысында 22.02.2023 жылы Төретам ст. темір жол вокзалы перрон алаңында шылым шегіп, шылымнан қалған қалдықты лақтырып тастап, ортақ пайдаланатын қоғамдық орынды ластағаны үшін Байқоңыр қаласы тұрғынына 1-азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабы 1-ші бөлігіне сайкес әкімшілік хаттама толтырылып 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде  айыппұл салынды, және теміржол вокзалында жолаушыларға өтіп жатқан акция аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: