Сенбі, 27 сәуiр, 15:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Мәміле қандай жағдайда жарамсыз деп танылады?

11.04.2023

496 0

Сурет ашық дереккөзден алынды

Азаматтық құқықтық қатынастағы нысанның бірі – мәміле. Мәміле дегеніміз азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi.

Өз кезегінде мәмiлелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады.  Заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен жазбаша (жай не нотариалдық) немесе өзге белгiлi бiр нысан белгiленбеген мәмiле, атап айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын мәмiлелердiң бәрi ауызша жасалуы мүмкiн. Мұндай мәмiле адамның мiнез-құлқынан оның мәмiле жасау еркi айқын көрiнiп тұрған ретте де жасалған деп саналады және тараптарға айтарлықтай міндеттемелер жүктемейді.

Ал заңдарда өзгеше арнайы көзделмесе немесе iскерлiк қызмет өрiсiнiң әдеттегi құқықтарынан туындамаса, мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа, кәсiпкерлiк қызмет үрдiсiнде жүзеге асырылатын, мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа, бір жүз айлық есептiк көрсеткiш жоғары сомаға және заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген өзге де реттерде жасалса онда ол жазбаша нысандағы мәміле болып танылады.  Егер мәміле заңсыз жасалса немесе тараптардың бірінің құқығын бұзатын болса, сондай-ақ мәміленің нысанына, мазмұнына және мәмілеге қатысушыларға, сондай-ақ олардың Азаматтық кодексте немесе өзге де заңнамалық актілерде белгіленген негіздер бойынша ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған кезде мәміле немесе оның бір бөлігі жарамсыз деп танылады.

Мәміле сот оны осындай деп (дауланатын мәміле) тануына байланысты осы Кодексте немесе өзге де заңнамалық актілерде белгіленген негіздер бойынша не осылай тануына (маңызсыз мәміле) қарамастан, заңнамалық актілерде тікелей көзделген негіздер бойынша жарамсыз болады. Яғни мәмілені жарамсыз деп тану туралы сотқа талап қойылады. Себебі Азаматтық кодекстің 9-бабының 1-тармағына сәйкес соттың мәмілені жарамсыз деп тануы азаматтық құқықтарды қорғау тәсілдерінің бірі болып табылатындығы көрсетілген. 

Сотқа мәмілені жарамсыз деп тану туралы талапты мүдделі тұлғалар, тиісті мемлекеттік орган не прокурор беруі мүмкін және мәмілені жасау нәтижесінде құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған немесе бұзылуы мүмкін тұлға мүдделі тұлға болып табылады.

Қажеттi рұқсатты алмай не рұқсаттың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн жасалған; жосықсыз бәсеке мақсатын көздейтiн немесе iскерлiк әдеп талаптарын бұзатын мәмiле мәмiле; он төрт жасқа толмаған адам (жас бала) жасасқан мәміле; әрекет қабiлеттiгi жоқ деп танылған адам жасасқан мәмiле, әрекет қабiлеттiлiгi болғанымен, мәмiле жасаған кезде өз әрекеттерiнiң мәнiн түсiне алмайтын немесе өзiнiң не iстегенiн бiлмейтiн жағдайда болған азамат жасасқан мәмiле; елеулi мәнi бар жаңылысу салдарынан жасалған мәмiле; алдау, зорлық көрсету, қорқыту ықпалымен жасалған мәміле;  заңды тұлғаның осы Азаматтық кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде немесе құрылтай құжаттарында нақты шектелген қызмет мақсаттарына қайшы келетiн етiп, не оның органының жарғылық құзыретiн бұза отырып жасасқан мәмiле жарамсыз деп танылуға негіз болады.     

   Жарамсыздығына байланысты және жасалған кезінен бастап жарамсыз болған мәмiлелерді қоспағанда, егер осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерінде өзгеше көзделмесе немесе мәмiленiң мәнiнен немесе мазмұнынан өзгеше туындамаса, жарамсыз мәмiле заңдық салдарларға алып келмейді.

Егер мәміле жарамсыздығының өзге де салдарлары осы Кодексте немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделмесе, мәміле жарамсыз болған кезде тараптардың әрқайсысы – екінші тарапқа мәміле бойынша алынғанның барлығын қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкін болмағанда (оның ішінде, алынғандар мүлікті пайдалану, орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет түрінде болғанда) қайтарылуға жататын мүліктің құнын, мүлікті пайдаланудың, орындалған жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтердің құнын ақшалай өтеуге міндетті.

Азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне тиесілі құқықтарды жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әділ әрекет етіп, заңдардағы талаптарды, қоғамның адамгершілік қағидаттарын сақтауы тиіс. Сонымен қатар басқа тұлғаға зиян келтіруге, құқықты өзге нысандарда теріс пайдалануға, сондай-ақ құқықты оның мақсатына қайшы келетіндей етіп жүзеге асыруға бағытталған әрекеттеріне жол берілмейді. Ал ол ретпен жасалған кез-келген мәміле жарамсыз деп танылады.

Еламанов Нұрлан

Қызылорда облысының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының судьясы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: