Жұма, 03 мамыр, 09:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Нашақорлық қоғам жауы

01.02.2023

595 0

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі  Қызылорда облыстық ведомствоаралық штабының,  Қызылорда  ОПД  ЕҚҚІҚБ  іс-шаралар  жоспарының  талаптарын  орындау  мақсатында  «Жоқ! – деп айтуды үйрен» тақырыбында  жалпы және орта арнаулы оқу  орындарының  оқушылары, студенттері арасында  нашақорлыққа қарсы үндеу жасау байқауы  ұйымдастырылды.

Аталған сайыстың  негізгі  мақсаты – жасөспірімдер  арасында  есірткі  мәселесін  түсіндіру  денгейін  кеңітіп,  сайыскерлердің  жеке  ойын  білдіру  мүмкіндігін  айқындау   болып  табылды.

Байқау екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңді Қызылорда қаласының және аудан орталықтарының білім бөлімдері ұйымдастырды, оның қорытындысы бойынша Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына сайыстың екінші кезеңіне қатысу үшін 46 үздік жұмыс жолданды.

Байқауға қатысушылар видео үндеу әзірлеп, оны БАҚ пен ақпараттық порталдарда жариялады. Өз жұмыстарында нашақорлық мәселесі, оның төңірегінде туындайтын қиындықтар жайлы айтып, нашақорлықтан аулақ болу керектігі жайлы пікірлерімен бөлісті. Балалар өз ойларын ұсынуға шығармашылықпен қарады, әртүрлі ақпаратты қолданды, нашақорлық проблемасын жариялауда шеберлік танытты.

Сайысқа бекітілген қазылардың шешіміне сәйкес 20 қатысушы ынталық танытқаны үшін, 10-ы жеңіске деген жігерлігі үшін,  ал 10-ы жеңімпаз деп танылды. 

Байқаудың жүлдегерлері: Қармақшы ауданының №272 орта мектебінің оқушысы Серікұлы Нұрдәулет, Арал ауданының №220 орта мектебінің оқушысы Сақтағанова Дильназ, М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжінің студенті Өмірзақ Дидар – 1 орын, Қармақшы ауданы №269 орта мектебінің оқушысы Нажмадинова Дина, Қазалы ауданы №№234, 246 мектеп оқушылары Бекше Арнур, Сағынтай Ару – 2 орын, М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжінің студенттері  Ғалымжанқызы Наргиза, Манап Саида, Нұрхан Диана, Қармақшы ауданы №272 орта мектебінің оқушысы Қыпшақбай Севара – 3 орынды жеңіп алды. Жеңімпаздарға сыйлықтар мен дипломдар табыс етіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: