Бейсенбі, 02 мамыр, 07:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Пробация есебіндегілер музейге барды

31.01.2023

470 0

Шиелі аудандық пробация қызметі бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар және пробация қызметінің есебіндегі азаматтарға Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейіне экскурсиялық шара ұйымдастырылды.

Музей қызметкерлері пробация қызметінің есебіндегі азаматтарға күріштің бабын жасап қалай өсірілетіні жәйлі айтып, дүние жүзілік рекорд жасаған қазақтан шыққан диқаншы Ыбырай Жақаевтің ерен еңбегі мен жеткен жетістіктері жайында мәлімет берді. Сондай-ақ  өмірінде тұтынған бұйымдарымен таныстырды.

– Бүгінгі шарадан есептегі азаматтар тәлімді тәрбие алды деп ойлаймын. Қарапайым еңбек ардагерінің үлгі өмір жолымен танысып, тұтынған заттарын көріп, ғибраты мол тұлғаны танып білді. Мұражайдағы тарихи жәдігерлердің тарихымен таныс болды. Мұндай шара олардың қайта қылмыс жасамауына игі ықпалы болатыны анық.  Сондықтан алдағы уақытта да жалғасын табады – деді, пробация қызметінің инспекторы Б.Оразалиев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: