Сәрсенбі, 01 мамыр, 16:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Пробация қызметінің есебіндегі азаматтарға құқықтық кеңес берілді

24.02.2023

429 0

Жаңақорған аудандық қоғамдық  даму бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен аудандық пробация қызметінің ұйымдастыруымен Ордакент ардагерлер, жастар ресурстық орталығында пробациялық есепте тұрған азаматтармен кездесу ұйымдастырылды.

 Кездесуге аудан прокурорының орынбасары Абдрашит Бауыржан, аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Төлегенов Әбілғазы, пробация қызметінің бастығы Искаков Анарбек, «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Орынбасаров Наурызбай қатысып, түрлі бағыттарда баяндама жасады. Құқықтық сауаттылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, қайта қылмыс пен әкімшілік құқықбұзушылық жасамау керектігі турасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қазіргі уақытта белең алған алаяқтық фактілеріне қарсы тұруға бағытталған кеңестер берілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: