Сенбі, 20 сәуiр, 15:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Құқық бұзған шетел азаматына айыппұл салынды

22.02.2023

636 0

  20.02.2023 жылы «Мигрант» ЖПІШ барысында Қызылорда станциясындағы Желілік полиция бөлімі көші-қон қызметі тобының кызметкерлерімен №78 «Маңғыстау-Алматы» бағытындағы жолаушылар поезның №01 вагонда Маңғыстау станциясынан Шымкент станциясына дейін жолаушылап бара жатқан 1989 жылы туылған Өзбекстан Республикасының азаматшасы Қазақстан Республикасының халықтық көші-қоны заңнамасын бұзғанын анықтаған.

Аталған құқықбұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 4-бөлігіне сәйкес, Шетелдіктің заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруынан көрінгені ҚР халықтық көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, іс-құжаттар Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. 21.02.2023 жылы Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен аталған құқықбұзушыға Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығару шарасы қолданылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: