Сейсенбі, 23 шiлде, 08:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада 10 адам бостандыққа шықты

26.04.2023

409 0

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық – атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мекемесінде бас бостандығынан айырылған 10 адам шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды.

Бұл мүмкіндік «қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасы аясында жүзеге асты. Босап шыққандардың дені бөтеннің мүлкін жымқырып, темір торға тоғытылғандар. Сот үкімімен олар 6 және 8 жыл аралығында басбостандығынан айырылған.

 Сотты болғандар еркін өмірге қадам басу үшін тағайындалған жазаның жарты бөлігін өтеп, үлгілі тәртібімен көзге түсіп, қоғамға бейімделу үшін барын салды. Бостандыққа шыққан бойда олар пробациялық бақылауға алынады.

– Мекеме әкімшілігіне қоғамға бейімдеу үшін жасаған шаралары мен тәрбие жұмыстары үшін өз алғысымды айтамын. Түзеу жолына өзімді нық тұрдым деп есептеймін. Енді қателікке жол бермеуге уәде беремін, – деді босап шыққан азамат.

Мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Алтынбек Тұрарбекұлының айтуынша: ҚК 72 – 73 бабына сәйкес жазаның жеңіл түріне ауыстыру және шартты түрде мерзімінен бұрын босату бойынша 10 сотталған мемлекетке қылмыспен келтірілген шығынын өтеп, заңнамада көрсетілген жеңілдікке ие болған.

Адина Ұзақбай

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: