Сәрсенбі, 16 қазан, 06:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

Сот жүйесінде дауларды медиация арқылы шешуге зор мән берілуде

26.01.2023

566 0

Сурет ашық дереккөзінен алынды

Сот жүйесінің дамуы қазіргі таңда күн санап қарқын алып келеді. Ерте кезде әділ төрелік жасап, дауласқандарды бітімге келтірген. Ал, қазіргі өркениетті елімізде заманның алға басуына байланысты халықтың мүддесі үшін жаңа заңдар қабылдануда. Солардың бірі  «Медиация туралы» заң. Елбасының Жарлығы сот билігінің қызметін толық, объективті және бейтарап жария етуін бағдарлаған болатын. Қазіргі таңда сот институттарын қалыптастыру мәселесі қолға алынуда.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Судьялар одағының V съезінде сот тәртібімен қаралатын дау-дамайларды азайту мәселесіне назар аударуды, соттан тыс реттеудің баламалы тетіктерін, соның ішінде бітімгершілік және медиация процедураларын енгізу тапсырған болатын.

Осыған орай, 2011 жылдың 28 қаңтарында 4 тарау, 28 баптан тұратын Қазақстан Республикасынжа «Медиация туралы» Заң қабылданды. Аталған Заңға сәйкес Қазақстанда дауларды баламалы шешудің жаңа түрі – медиация енгізілген болатын. Бұл заңның сот саласында тигізер пайдасы зор дегенді талай рет алға тартқанмен, нақты іс жүзінде медиацияны қолдау барысы баяу екенін жасырып қала алмаймыз. Өйткені жалпы жұртқа «медиация» пән сөзі әлі де болса жақсы таныс емес екені шындық. Өйткені, бұл ұғым-түсінік сот ісінің басы қасында жүрген, заңнан хабары бар белгілі бір топтарды есепке алмағанда, бұқараға бұл сөз бейтаныс.

Медиация — үшінші, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі. Медиацияның сот өндірісінен айырмашылығы – медиация барысында «кінәлілер» мен «кінәсіздер» деген тараптар болмайды. Өйткені, бұл құқық саласы қылмыс жасаушылар қатарын біріңғай бас бостандығынан айыру жолымен жазалауды емес, адам құқықтары мен бостандығын қорғауды және қалпына келтіруді, яғни істі сотқа жеткізбеу мақсатын көздейді.

Медиация ағылшынша «mediation», орыс тілінде «посредничество» деген ұғымды білдіретін бұл сөзді қазақтар «делдал» дейді. Бұл мәмілеге келтіруші, дауды реттеуші, кикілжіңді басушы деген сөз. Сол себепті, батырлығымен, жыраулығымен танымал болған талай қазақ биінің кез келгенін медиатор деуге болады. Ел басқару ісі, ру арасындағы жер дауы, жесір дауының арты отқа ұласып кетпес үшін ақыл-кеңесін айтып, тоқтамға шақырып отырған. Сот төрелігін жүргізген ғұламалықтар далалық данагөйлер ойымен тиянақталып жатады. Ал қазақ билерінің белгілі бір дауға айтқан билік шешімдері тарихта жетіп-артылады.  

Қазіргі таңда сот жүйесінде дауларды медиация арқылы шешуге зор мән берілуде. Себебі, медиация азаматтық, еңбекке қатысты, отбасылық және басқада құқықтық қатынастарға байланысты, сондай-ақ ауырлығы шағын және орташа қылмыстық істер жөнінде туындаған дауларда қолданыла алады. Азаматтар, сондай-ақ  заңды тұлғалар медиацияға белсенді түрде жүгінген жағдайда сот жүйелеріне түсетін ауыртпалықты айтарлықтай жеңілдетіп, соның арқасында анағұрлым ірі істердің шешілу сапасын арттыра алады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Сотсыз татуласу» пилоттық жобасы аясында Қызылорда облыстық сотының және аудандық оған теңестірілген соттардың қолдаулары мен қала, аудан орталықтарында «Татуласу орталығы» ашылып, халыққа қызмет көрсетіп келеді.

Медиаторға жүгіну керек пе, жоқ па дегенді тараптар өзара келісіп шешеді.  Мұндай жолмен мәселенің шешілуі мүмкін болмаған жағдайда олардың сотқа жүгіну құқығы сақталады. Медиация барысында тараптардың тең құқылықты көздейтіні сөзсіз,  сондай-ақ оларға тең міндеттер жүктеледі.

Медиацияны жүргізу қағидаттары: еріктілік, құпиялық, өзара сыйласушылық, тараптардың тең құқылығы, медиатордың бейтараптығы мен әділдігі, рәсімнің ашықтығы.

Қорыта айтқанда «Медиация туралы» заңның қабылдануы өркениет көшіне батыл бет түзеген қоғамымыздағы оң өзгерістердің жүзеге асырылып жатқандығының айқын көрінісі екендігі даусыз.

Е.ТІЛЕУБАЙ,

Қызылорда облысының қылмыстық

 істер жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының жетекші маманы.                              

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: