Сейсенбі, 07 мамыр, 07:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Сыбайлас жемқорлықпен күресу баршамыздың парызымыз

24.03.2023

516 0

Сурет ашық дереккөзінен алынды

Қазақстан сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру, инвестициялар тарту процесін баяулататынын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететіндігін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретінін сезінеді.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде саяси дамуына қарамастан қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде әлі де бар және олардың тек ауқымымен ғана ерекшеленеді.

Қазақстандық мемлекет дамуының алдыңғы кезеңдерінде жалпы мойындалған нәтижелерге қол жеткізілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ісінде айқын оң үрдістер байқалды, оларды күшейту және дамыту ел дамуының қазіргі заманғы кезеңіңде осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны табысты іске асырудың кепілі болады.
      Сот жүйесіне деген сенімді арттыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ісінде оның рөлін күшейтуге ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда  электрондық сот ісі жүргізіліп, оның ашықтығы мен қолжетімділік деңгейін арттыру жөнінде шаралар қабылданды.
      Жер-жерде ақпаратқа колжетімділік кеңейтілді, оған электрондық үкіметті, сондай-ақ мемлекеттік және жекеше құрылымдардың интернет-ресурстарын қалыптастыру жөніндегі шаралар ықпал етті.
       Азаматтардың сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кедергісіз ақпарат алу үшін жағдайлар жасалды.

Сыбайлас жемқорлықты ұлттық мәдениетке жат құбылыс ретінде сезіну және қабылдамау – қоғамымыздың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің негізі.

Халыққа сот жүйесінің ашықтығы мен қол  жеткізу мақсатында соттарда тұрақты БАҚ өкілдерімен жұмыс жасалып отырады. Сонымен қатар Ашық есік күні, брифингтер,  дөңгелек үстел, баспасөз-конференциялары сияқты іс- шаралар да үнемі өткізіліп отырады. Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмысын күшейту бағытында атқарылатын іс шаралар жоспары бекітілген.

  Судьялар мен сот қызметкерлерінің сот процессіне қатысушы тараптар мен басқа да тұлғалармен процессуалдық емес қатынастарға баруына жол бермеуі, сот ғимаратына кіріп-шығуды бекітілген тәртіпке сәйкес жүргізіледі. Сыбайлас-жемқорлықпен күресу әрбір азаматтың парызы.

Ж.Дайрабай,

Қызылорда облысының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының

бас маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: