Жұма, 19 сәуiр, 01:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Тергеу изоляторында сыбайлас жемқорлыққа қарсы  түсіндірме жұмысы өтті

06.03.2023

432 0

Қылмыстық атқару саласы  Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №68 мекемесінің кадр саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен  сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмысы жиі өтеді.

Бұл жолы жиынға Қызылорда облыстық  ҚАЖ департаментінің өзіндік қауіпсіздік тобының аға жедел уәкілі, әділет капитаны Жамбылов Рахым Хамзаұлы келіп, жеке құрам алдына шығып баяндама оқып, бірқатар сын ескертпелер мен ұсыныстарын айтты. 

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы» Заңның басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу және ашу болып табылатындығын баяндады.

Осы заңмен, мемлекеттік міндетті атқаратын және де  оларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін, мүмкіндіктерін  пайдалана отырып, пайда табу сыбайлас жемқорлық деп  аталады дей келіп, құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептердің жиынтығын түсіндірді.

Өткен жылғы ҚАЖ саласындағы  жеке құрамы арасында сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша анықталған  фактілерге шолу жасап, биылғы жылға сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық шараларды тиімді жүзеге асыру бойынша бірқатар ұсыныстар берді.

Жиын соңында, сыбайлас жемқорлық фактілеріне қатысты видеоролик  көрсетілді.  Қызметкерлер, келген мамандға ролик бойынша  сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: